Жаңалықтар

Қазақстан Ауғанстан арқылы Пәкістанға көлік-логистикалық бағыттарды дамытпақ

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда қатынастарын нығайту Пәкістан нарығына шығатын жаңа көліктік-логистикалық бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Қазақстан-Ауған бизнес форумына арналған брифинг барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш мәлім етті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.


«Ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетумен қатар, біз осы елмен сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға баса назар аударып отырмыз. Екіжақты сауда қатынастарын нығайту оңтүстік бағытта жаңа көлік-логистикалық бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл шамамен 220 миллион адамды құрайтын Пәкістан нарығына, сондай-ақ Пәкістанның Карачи және Гвадар порттары арқылы Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс нарықтарына тауар тасымалдауға мүмкіндік береді», – деді Қазақстан-Ауған бизнес форумына арналған брифингте.

Сондай-ақ, ол Ауғанстанмен көлік-логистика саласы бойынша ынтымақтастық орната отырып, Қазақстан Қытай мен Еуропалық Одақ нарықтары арасындағы сауда жолдарын байланыстыратын «Орта дәлізді» дамыта алады.

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, 3 тамызда Астанада Қазақстан-Ауған бизнес форумы өтеді. Оған екі елдің мемлекеттік органдарының, квазимемлекеттік секторының және бизнес-қауымдастықтарының 400-ден астам өкілі қатысады деп күтілуде. Ауғанстаннан Сауда және өнеркәсіп министрі Нуруддин Азизи бастаған 200-ден астам делегация қатысады.

«Делегаттар арасында кәсіпкерлер, ірі энергетика және телекоммуникациялық компания өкілдері, Орталық банк және бірқатар өзге қаржы институттары, сондай-ақ кілем, сусындар және асыл тастар өндірушілер бар. Ауғанстан делегациясының барлық мүшелері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялық тізіміне енбегенін және тиісінше оларға қатысты шектеу шараларын қолдануға болмайтынын атап өткім келеді», – деді Төребаев брифингте.

Сондай -ақ спикер 4-5 тамызда Астанада ауғанстандық компаниялар шығарған тауарлардың көрмесі де өтетінін атап өтті.