Қазақстанда ақша аударымдарының көлемі бір жылда 10%-ға қысқарды

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Қазақстанда ақша аударымдарының көлемі бір жылда 10%-ға қысқарды. Бұл жайлы DataHub телеграм арнасы хабарлады.

Ұлттық банктің мәліметінше, 6 ай ішінде ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелге 349,2 млрд теңге жөнелтілген. 2022 жылғы қаңтар-маусымда көрсеткіш жоғары болған. Өткен жылғы көрсеткіш 391,4 млрд теңге болған.

Сонымен бірге, биыл Қазақстанға түсетін қаражат көлемі де қысқарған. 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында көрсеткіш 270,7 млрд теңге болса, 2023 жылы 164,2 млрд теңгеге дейін төмендеп, шамамен 40%-ға азайған.

Нәтижесінде қаражаттың сыртқы ағыны 185 млрд теңгені құраған. Бұл 2022 жылдың қаңтар-маусымындағыдан бір жарым есе көп.

Аударым көрсеткіштерінің төмендеуіне не себеп?

Қазақстанға жіберілген қаражат Ресейден түсетін түсімдердің азаюына байланысты күрт төмендеген. Ол келден келетін түсімдер 2022 жылдың жазында күрт өсіп кетті. Егер 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Ресей Федерациясынан ақша аударымдары жүйесі арқылы 139,1 млрд теңге келсе, бір жылдан кейін оның көрсеткіші сол соманың жарты құнын ғана құрап 65,2 млрд теңге болған.

Аударымдар көлемі артқан тағы бір мемлекет – Қырғызстан. Бұл елде бір жыл ішінде көрсеткіштер 3,3 есеге күрт төмендеген. Ол елдегі ақша аударымдар көлемі 25,6 млрд теңгеден 7,8 млрд теңгеге дейін азайған.

Қазақстаннан шетелге аударымдар неге қысқарды?

Биыл Қазақстанна Қырғызстанға бағытталған аударымдар 50,3 млрд теңгеден 10,8 млрд теңгеге дейін төмендесе, Өзбекстанға аударылған қаражат 93,7 млрд теңгеден 81,5 млрд теңгеге дейін азайған. Ал Түркияға жіберілетін аударым көлемі 97,8 млрд теңгеден 81,5 млрд теңгеге дейін қысқарған.

Ресейге келетін болсақ, оған аударым көлемі керісіше өскен. Яғни 86,2 млрд теңгеден 109,1 млрд теңгеге дейін көтерілген. Бұл жалпы құлдырауды азайтуға көмектескен, десе де оны шығынын толық өтеген жоқ.

Атап өтерлік бір жайт, теңгедегі аударымдардың үлесі өскен. Мысалы, 2023 жылғы маусымда жалпы аударымдар көлемінің 47,7%-ы және Қазақстаннан «жіберілген» қаражат сомасының 29,2%-ы ұлттық валютада ұсынылған. Бір жыл бұрынғы көрсеткіштер сәйкесінше 23,5% және 13% құрады.

Сонымен бірге «Золотая корона» аударым сервисінің үлесі төмендеген. 2022 жылдың маусымында Қазақстанға аударылған қаражаттың 82,6%-ы осы ақша аудару жүйесіне тиесілі болған болса, бір жыл ішінде бұл сервистің үлесі 48,9% – ға дейін төмендеген. Бұл бірінші кезекте Ресейден түсетін қаражаттың азаюымен байланысты. Сонымен қатар қазір ресейліктер басқа жүйелерді таңдайды. Бұл орайда Вестерн Юнион, Юнистрима және Moneygram сервистерінің үлесі артқан.

Сондай-ақ оқыңыз