Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығы (AERC) тоқсан сайынғы макроэкономикалық шолуын жариялады. Орталық сарапшылары 2023 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсу бойынша болжамын 4,3%-ға дейін қайта қарады.
«Әлемдік күн тәртібіндегі мәселелер Ресейдің Украинада жалғасып жатқан қақтығысына «үйренуі» аясында өрбуде. Жаһандық экономика халықаралық қаржы ұйымдары болжаған рецессияға әлі де ұшыраған жоқ. Дегенмен Қытайдың экономикасы баяу қалпына келіп, бұл фактор оптимистік болжамдар жасауға мүмкіндік бермей келеді. Жаһандық инфляция әлі де орталық банк мақсаттарынан жоғары және инфляцияның өсу қаупі басты назарда қалуы керек. G-20-ға мүше барлық дамыған елдерде базалық инфляция тұтынушылық инфляция қарқынынан жоғары», – деп атап өтті AERC сарапшылары.
Макроэкономикалық зерттеуде, Қазақстан Украинадағы соғысқа байланысты елеулі сыртқы сын-қатерлер мен ішкі қиындықтарға тап болғаны жазылған. Атап айтқанда, сарапшылар 14 адамның өмірін қиған Абай облысындағы орман өрттерін мысалға алған. Олардың пайымынша, бұл төтенше жағдай тұрақты даму саяси тұрғыдан өте маңызды мәселе екенін көрсетті.
Сонымен қатар бірінші жартыжылдықта Қазақстан экономикасы құрылыс, сауда және байланыс секторлары есебінен өсті, ал нақты сектор бұрынғысынша қалыпты дамуда.
«2023 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы республикалық бюджеттің кірістері 13%-ға өсті, ал шығындардың өсу қарқыны кірістердің өсу қарқынынан 2 есе жоғары болды, бұл болашақта азаймайтын шығындардың айтарлықтай өсуіне әкеп соғады. Салдарынан экономиканың өсуі төмендеген жағдайда Ұлттық қор трансферттері немесе мемлекеттік қарыздарға тәуелділік артады», – деп жазылған макроэкономикалық шолуда.
Жаһандық инфляцияның бірте-бірте баяулауы аясында Қазақстанда да баға өсімі төмендеу тенденциясына байқалады. 2023 жылдың маусымында жылдық инфляция қазірдің өзінде 14,6%-ды құрады (өткен жылдың желтоқсанындағы ең жоғары көрсеткіш 20,3%). Дегенмен, ішкі нарықты жанар-жағармайдың баға айырмашылығына байланысты көршілес елдерге экспорттан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2023 жылғы сәуірде шекті бағаны көтерді.Жанармай бағасының өзгеруі тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне әкеледі.
Осы шілдедегі шолуда AERC Қазақстанның 2023 жылғы экономикалық өсіміне болжамды жақсартты
«AERC 2023 жылы Қазақстандағы нақты ЖІӨ өсімін 4,4% (бұрын – 4,3%) деңгейінде болжайды. болжам да 4,2%-дан 4,3%-ға дейін жақсарды. Базалық сценарийге сәйкес жанар-жағармай материалдарына шекті бағалардың өсуіне байланысты AERC инфляцияның осы кезеңде орташа есеппен 11,2%-ға (сәуірдегі 10,2%-ға қарсы) өседі деп болжайды. Ал импорттың ЖІӨ-ге (-)0,3%-ға дейін жылдамырақ өсуіне байланысты ағымдағы операциялар шотының тапшылығы артады. Мемлекеттік бюджет тапшылығы бойынша болжам ЖІӨ-нің 4,1%-ы деңгейінде өзгеріссіз қалды», – деп түйіндеді Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының сарапшылары.
Еске сала кетсек, 2023 жылы 5 шілдеде Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының талдау орталығы ұйымдастырған кезекті сауалнамаға қатысқан сарапшылар елдің жалпы ішкі өніміне қатысты болжамдарын біршама жақсарта түскен. Олардың пайымынша, алдағы 12 айда ЖІӨ өсімі 3,8%-ды құрауы мүмкін (бұған дейінгі болжам 3,7% болатын).
Ал «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңының жобасына Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) нақты өсуі 2023-2025 жылдарға 4,0-4,1% деңгейінде болжанған.
Үкіметтің болжамдарына сәйкес, ЖІӨ-нің нақты өсуі 2026 жылы 3,2%-пен дейін (кен орындарының сарқылуына байланысты мұнай өндіруді қысқарту жоспарлануда) және 2027 жылы одан әрі 4,2%-ке дейін өседі деп болжанып отыр. Алдағы орта мерзімді кезеңге ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 3,9%-ті құрайды.