Түркиядағы жол апаты: бір қазақстандық қайтыс болды

Жарияланды
Фото: Shutterstock

Түркияның Алания қаласында болған жол апаты салдарынан жарақат алған бір қазақстандық қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Алания жол-көлік апатынан зардап шеккен жолаушылардың бірі 31 шілде таңертең алған жарақатынан ауруханада қаза тапты. Қайтыс болған қазақстандықтың ұлы Антальяға барды», – делінген СІМ таратқан ақпаратта.

Ресми ақпарат бойынша, марқұмның ұлы қазір дипломаттармен бірге жүр. Оған барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, бұған дейін СІМ Түркияда жол апатына түскен 12 адамның екеуіне ота жасалғанын, қалған он адамның жағдайы қалыпты екенін хабарлады.

30 шілдеде Түркияның Аланья Анталия аймағында туристік автобус жүк көлігімен соқтығысып жол апатына ұшырады. Түрік полициясынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп, жүк көлігіне соқтығысқан. Апат салдарынан зардап шеккендер шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыз