Түркиядағы жол апаты: Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Түркияда жол апатына түскен 12 адамның екеуіне ота жасалды. Қалған он адамның жағдайы қалыпты. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ақпарат таратты.
Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылдың 30 шілдесінде таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматын тасымалдаған шағын автобус жол апатына түскен еді.
Еске сала кетсек, 30 шілде күні Түркияның Аланья Анталия аймағында туристік автобус жүк көлігімен соқтығысып жол апатына ұшыраған еді.
Түрік полициясынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп, жүк көлігіне соқтығысқан. Апат салдарынан зардап шеккендер шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
«Жағдайды және азаматтардың денсаулығын білу үшін қазақстандық консул дереу Аланияға барып, медициналық мекемелерде зардап шеккен отандастармен кездесті», – делінген СІМ тақартқан ақпаратта.
Ал 12 қазақстандықтың екеуінің жағдайы орташа, оларға операция жасалған. Сондай-ақ оларға қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Қалған 10 адамның, оның ішінде 4 баланың жағдайын дәрігерлер қалыпты деп бағалаған. Айта кетейік, барлығының медициналық сақтандыруы бар.
Сондай-ақ Анталиядағы қазақстандық дипломаттар азаматтармен тұрақты байланыста және тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.