Алматыдағы өрт оқшауланды және сөндірілді
Жарияланды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, 18:46 сағ.өрт оқшауланды және сөндірілді. 1 және 16 қабаттағы электр кабельдері жанған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өрт орнынан Алматыдағы ауруханаларға 31 адам жеткізілді, оның 16-сы балалар.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда 16 қабатты үй өртеніп жатыр. Өртты сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарладық.