Жаңалықтар

Алматының ретсіз құрылыстар көп салынған ауданында қосалқы электр станциясы іске қосылады

Интер РАО удвоит рентабельность при операциях с Казахстаном
Фото: kursiv.media

Алматыда 200 мыңнан астам тұрғынды үздіксіз электр энергеиясымен қамтамасыз ететін «Алмагүл» жаңа қосалқы станциясының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Алматының Бостандық ауданында, Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан «Алмагүл» қосалқы станциясының құрылысы бойынша жұмыстар 100% аяқталды. Сондай-ақ, осы қосалқы станцияға 110 кВ электрмен жабдықтаудың 4,8 км кабельдік желісі төселді», делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл қосалқы станция Алматының оңтүстік бөлігіндегі тұтынушылардың жүктемесін азайтады деп күтілуде. Оған «Алмагүл» шағын ауданы әл-Фараби-Жароков-Өтепов-Розыбакиев көшелерінің қиылысында салынып жатқан және жаңа тұрғын үй кешендері қосылады.

Ауданда жаппай, ретсіз салынған құрылыстарға байланысты электр қуатының жиі үзілетін. Бұл мәселені Алматы әкімімен кездесу барысында Бостандық ауданының тұрғындары да көп көтерді. Кездесуде Ерболат Досаев бұл мәселені шешу үшін қосалқы станция бойынша барлық жұмыстарды ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырған. Сол жоспарға сәйкес станция құрылысы уақтылы аяқталды.