Жаңалықтар

Қарағандыда балалар жаппай уланған орталықтың 12 қызметкері қызметінен босатылды

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев балалар жаппай уланған Қарағандыдағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директорының міндетін атқарушысы мен 12 медицина қызметкері жұмыстан шеттетілгенін хабарлады.

«Тергеу заңның барлық қатаңдығы бойынша жауапты тұлғаларды анықтайды және жазалайды. Орталық директорының міндетін атқарушы және 12 медицина қызметкері қазіргі уақытта міндеттерін атқарудан шеттетілді», – деді Бөлекпаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бас прокуратура улану фактісі бойынша республика Қылмыстық кодексінің 304-бабының 2-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соққан санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.