Заң қабылданғанына бір ай өтсе де Қазақстандағы ешбір компания төрт күндік жұмыс аптасына көшкен жоқ

Жарияланды
жұмыс
Фото: shutterstock; unsplash

Шілде айынан бастап Қазақстанның Еңбек Кодексінде «төрт күндік жұмыс аптасы» деген ұғым пайда болды. Аталған құжатқа енгізілген өзгерістер бойынша заң аясында аптасына төрт күн жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі.

Алайда, бұл өзгерістің енгізілгеніне бір айт өтсе де қазақстандық компаниялардың ешқайсысы төрт күндік жұмыс күніне өтпеген. HeadHunter компаниясы жүргізген сауалнама осыны көрсетіп отыр.

Жұмыс  іздеушілерге арналған онлайн платформа жүргізген сауалнамаға 83 қазақстандық компания қатысты. Сол компаниялардың барлығы да төрт күндік жұмыс аптасына көшпеген. Тіпті сауалнамаға қатысқан компаниялардың 69%-ы ондай мүмкіндікті қарастырмайды. 3%-ы көшуі мүмкін, тек жақын болашақта емес.

Көптеген компаниялар үшін төрт күндік жұмыс аптасына көшуге саланың ерекшелігі мүмкіндік бермейді. Өйткені ол – үзіліссіз өндіріс, 24/7 режимінде клиенттерге техникалық қолдау көрсету, алғашқы қажетті қызмет көрсету секілді сервис түрлері болуы ықтимал. Сондықтан да, жұмыс уақытының қысқаруы – жұмыс көлемінің де қысқаруына алып келеді, бұл өз кезегінде табыстың және еңбекақының қысқаруына ықпал ететінін сөзсіз.

Жұмыс берушілер сонымен қатар, жұмыс уақытын есептеудің ыңғайсыздығы мен қызметкерлер тарапынан қашықтан жұмыс істеуге сұраныстың болмауы да төрт күндік жұмыс аптасына көшуге кедергі болып отырғанын айтқан.

Ал, болашақта төрт күндік жұмыс аптасына көшуді қарастырып отырған жұмыс берушілер ауыспалы кестемен жұмыс істейтін қызметкерлерге ғана осындай мүмкіндік ұсынуға дайын екенін жеткізген.

Естеріңізге саламыз, сәуір айының соңында Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда 1 шілдеден бастап төрт күндік жұмыс аптасы енгізілетіні хабарланған еді. Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, Кейбір ұйымдарда 71-баптың 3-тармағына сәйкес бес күндік және төрт күндік жұмыс аптасы кезектесуі мүмкін, ол 2-бөлікпен толықтырылған:

«Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен ауысу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі», делінген құжатта.

Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына 12 сағаттан аспауға тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз