Қытайлық Weifu High-Technology Group автокөлік өндіруші концерні израильдік Arbe Robotics компаниясына жалпы құны 11,6 миллион долларға радар технологиясына тапсырыс берді, жеп хабарлайды Израильдің инновациялық жаңалықтар порталы Nocamels.
Arbe жүргізушіге көмектесетін автономды жүйелерге арналған радар технологиясын әзірлеуде. Оның құрамына Phoenix Perception Radar кіреді, ол 350 метрге дейінгі қауіп-қатерді анықтай алады, апаттық тежеуіш функциясы мен тас жолда автопилотпен жүретін қосымша мүмкіндіктері бар.
Радар технологиясы көліктерге нысандарды анықтауға және жолда жүруге мүмкіндік беретін бірегей Arbe Robotics радиолокациялық чипсетке негізделген.
Жуырда Қытайдың кеден әкімшілігі 2023 жылдың алғашқы екі айындағы қытайлық көліктердің экспорты туралы деректерді жариялады. Екі айда «аспан асты елінен» Ресей – 20 100, Мексика – 18 700 , Израиль – 15 500 автокөлік сатып алған.
Бұл ретте Израиль авто импорты бойынша Австралия, Чили, Таиланд және Сауд Арабиясы сияқты Бейжің үшін маңызды нарықтарды басып озды.
2023 жылдың қаңтар және ақпан айларында Израильге экспортталған 15 500 темір тұлпар Қытайдың жалпы көлік экспортының 8,4%-ын құрайды. Аталған ел 2023 жылдың алғашқы екі айында бүкіл ЕО елдерінен көбірек «Made in China» көлік импорттады. Қытай шетелге негізінен төрт марканы шығарған. Олар: BYD, SAIC-MG, Geely Geometry және Chery.