Талибан мен АҚШ өкілдері Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету мәселесін талқылады

Жарияланды

АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Томас Уэст елді бақылайтын «Талибан» қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) өкілдерімен келіссөздерді жалғастыру қажеттігін мәлімдеді.

«Біз елдегі экономикалық жағдайды, адам құқықтарын, гуманитарлық қажеттіліктерді, қауіпсіздік міндеттемелерін, инклюзивтілікті және есірткіге қарсы күрес мәселелерін талқыладық», – деді АҚШ-тың арнайы өкілі.

«Диалог екі жақты, егжей – тегжейлі, ашық болды. Сондықтан ауған халқын қолдау және мүдделерді қорғау үшін келіссөзді жалғастыру керек», – деп атап өтті американдық дипломат.

Сондай-ақ оқыңыз