Теңге рубльге қатысты нығайып, еуроға қатысты әлсіреп келеді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Ұлттық валюта 6 ай қатарынан рубльге қатысты нығайып келеді. DataHub телеграм арнасы бұл орайда теңгенің рекордтық көрсеткішке жеткенін хабарлайды.

1 ақпан мен 1 тамыз аралығында Ресей валютасының құны 6,53 теңгеден 4,88 теңгеге дейін төмендеген. Ал шілдеде валюта бағамы 26 тиынға әлсіреген.

Бір ғана ұзағырақ серия – 2014 жылдың шілдесі мен 2015 жылдың ақпаны аралығында болған. Ол кездері 7 ай қатарынан рубль құны 5,4 теңгеден 2,66 теңгеге дейін құлдыраған.

Бір айта кетерлігі шілдеде теңге долларға қатысты да нығайды. Доллар құны 6,44 теңгеге төмендеді. Бүгінгі күнгі ресми бағам бойынша доллардың теңгеге шаққандағы құны – 446,07 теңгені құрайды.

Еуроға келетін болсақ, ол екінші ай қатарынан қымбаттап келеді. Бірақ шілдеде – көп көтеріле қоймаған. Бар болғаны 1,4 теңгеге артып, ресми бағам бойынша 492,1 теңгені құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз