«Ақкент» тұрғын кешенін салған компания өрттен қайтыс болған жанның отбасына пәтер береді

Жарияланды

Сонымен қатар компания өрт шыққан үйде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәде берді. Бұл туралы Ayt housing Complex құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев «Ақкент» ТК тұрғындарымен кездесу барысында хабарлады.

«Біз өз бастамамызбен үйді қалпына келтіру шығындарын өзімізге алуға дайынбыз», – деді Бас директор.

Сонымен қатар, құрылыс салушы өрт шыққан лифтіге қатысты ақпарат берді. Оған жақында ғана жөндеу жүргізілген.

«Лифтілерге келетін болсақ, бұл тұрғын үйде Mitsubishi лифтінің бренді 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, тіркеу нөмірі L15-269 және L15-270. «АГ МЕЛЬКО Элеватор Казахстан Компани» ЖШС лифт компаниясы қызмет көрсетеді. Лифттерді соңғы техникалық куәландыру 2023 жылдың 27 шілдесінде жүргізілді», делінген компания баспасөз қызметінің хабарламасында

Компания мәліметіне сәйкес, «Ayt Housing Complex» ЖШС «Ақкент» тұрғын үй кешенін салушы бірақ, тапсырыс беруші және меншік иесі емес. 54 көппәтерлі тұрғын үй 07.08.2017 жылғы №773 объектіні пайдалануға қабылдау актісімен пайдалануға берілді. 2020 жылдың қаңтарына дейін бұл үй бос тұрған. Бұл үйге тұрғындар тек 2020 жылы қоныстанды, үйдің иесі жаңарды. Аталған тұрғын үй кешенінде қызмет көрсететін басқару органы «Ақкент ТК» МИБ (ОСИ).

Сондай-ақ оқыңыз