Жаңалықтар

Елімізде дәрі-дәрмек қымбаттайды

Фото: kursiv.media

Еліміздегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арнайы құқық субъектісі Бірыңғай дистрибьютор үстеме бағалау жобасын талқылау бойынша Жария тыңдау өткізді. Бұл туралы СҚ-фармация компаниясы хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, қарастырылып отырған үстеме баға жобасы 2022 жылдың қорытындысы бойынша нақты шығындарға негізделеді.

«Ең үлкен шығындар логистикалық қызметтерге келеді – бұл дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау және тиеу-түсіру жұмыстары, олар Бірыңғай дистрибьютордың дәрі-дәрмектерді сатумен байланысты шығындарының 45%-ын алады», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бірыңғай дистрибьютор өз қаражаты есебінен дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың азайтылмайтын қорын қалыптастыру жоспарлап отыр.

«Үстеме бағаны арттырудың тағы бір факторы – экономикалық тиімділіктің көрсеткіші ретінде қызмет ететін бірыңғай тарату жүйесінің рентабельділігі» , деп көрсетіпті.

Жария тыңдау қорытындысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының жобасымен үстемеақы мөлшері бойынша құжаттар ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жолданған.

Тізбе, сатудың шекті бағалары мен үстеме баға мөлшерін уәкілетті орган белгілейді.