Қарағандыдағы балалардың жаппай улануы бір өнімді тұтынумен байланысты
Қарағандыдағы әлеуметтік орталықта балалардың жаппай улануына қатысты мамандар өз тұжырымын жария етті. Денсаулық министрлігінің ақпаратына сәйкес, анықталған санитариялық-гигиеналық бұзушылықтар балалардың жекелеген тобының жіті ішек инфекцияларын (ЖІИ) тудыруы мүмкін емес.
Пациенттердегі клиникалық белгілер тамақтан улануға тән емес, мұнда қайта-қайта құсу, іштің жиі өтуі, кейде қан аралас іштің өтуі, сусыздану байқалады. ЖІИ үшін эпидепроцесс көріністерінің тән спектрі жоқ: қысқа уақыт ішінде жағдайлардың жаппай тіркелуі, барлық жастағы адамдардың, әсіресе жас балалар мен барынша әлсіреген балалардың инфекцияға бейімділігі, порцияның көлеміне және жұқтырған агенттің алынған дозасына қарай бір өнімді тұтынумен байланысы», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұл жағдайды өз бақылауына алуы үшін Қарағандыға Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният барған еді. Министр облыс әкімімен және ҚР ДСМ жетекші мамандар тобымен Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тоғыз тәрбиеленуші баласы ауыр уланумен түскен облыстық клиникалық аурухананың Инфекциялық орталығында, қарқынды реанимация бөлімшесінде болды.
Ақпаратқа сәйкес, уланған балалардың барлығы өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында жатыр. Осы клиникада 10-15 жас аралығындағы тағы бес бала нейробоксирленген бөлімшеге жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағалануда.
Бүгінгі таңда тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды, оның нәтижелері бойынша болған оқиғаның себебі бойынша ресми ақпарат алынады. Қажет болған жағдайда балаларды республикалық ұйымдарға ауыстырылады.