Тимур Құлыбаев Қазақстандағы мұнай компаниясынан 11 млрд теңге көлемінде дивиденд алады

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: kursiv.media

«Каспий мұнай» АҚ жай акциялары бойынша 2022 жылға және 2023 жылдың бірінші тоқсанына дивидендтер төлейді, деп хабарлайды KASE. Яғни компания Тимур Кулибаевқа 11 млрд теңге көлемінде дивиденд төлемекші.

«Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Каспий мұнай» АҚ (Атырау) 2023 жылдың 01 тамызынан бастап KZ1C00000694 (KASE негізгі алаңы, «стандарт» санаты, KSNF) жай акциялары бойынша Қоғамның жалғыз акционеріне 2022 жылға және 2023 жылдың бірінші тоқсанына жалпы сомасы 11 000 000 000 теңгеге дивидендтер төлеу ниеті туралы хабарлады», делінген KASE сайтында.

Ал «Каспий мұнай» АҚ жариялаған құжатта:

«Қоғамның жалғыз акционерінің 2023 жылғы 31 шілдедегі шешіміне сәйкес, Қоғамның жалғыз акционеріне 11 000 000 000 теңге көлеміндегі жай акциялар бойынша дивидендтерді мынадай тәртіппен төлеу жоспарлануда: дивидендтер төлеу мерзімі 2022 жыл және 2023 жылдың 1 тоқсаны. қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивидендтер мөлшері – 110 теңге. Дивидендтерді төлеудің басталу күні – 2023 жылдың 1 тамызы», делінген.

«Каспий мұнай АҚ көміртегі шикізатын шығару және сату қызметімен айналысады. Компанияның бас директоры – Тыран Серік Базарбайұлы. Компанияның жалғыз акционері – «Joint Resources» JSC компаниясы.

Ал «Joint Resources»  АҚ-ның негізгі бағыты – активтерді басқару және инвестициялық қызмет. Бас директоры – Найзабекова Света Мырзаханқызы. Бұл компанияның 1 008 859 дана акциясына Тимур Құлыбаев иелік етеді.

Сондай-ақ оқыңыз