Жаңалықтар

1-қыркүйектен бастап автокөліктің «техбайқау» картасы цифрлық құжатқа айналады

Фото: shutterstock

1-қыркүйектен бастап көлік жүргізушілеріне қағаз жүзіндегі«техникалық байқау» құжатын алып жүрудің қажет болмайды. «Техникалық байқаудың диагностикалық картасы» электронды үкіметтің EgovMobile мобильді қосымшасының жеке кабинетінде, цифрлық құжат ретінде сақталатын болады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ IT мамандары автокөліктің техникалық байқаудан өткенін куәландыратын құжатты цифрлы форматқа көшіру бойынша арнайы сервис әзірлеп, техникалық жұмыс жүргізіп жатыр.

«Интеграциялық жұмыстардан кейін осы қызметтің қанатқақты нұсқасы алдағы 1-ші қыркүйекте платформасында іске қосылады. Аталған жобаның жоспарына сәйкес құжаттың цифрлы нұсқасы қадағалаушы органдардың дерекқорында сақталып, оны онлайн режімде тексеруге болады», делінген хабарламада.

Айта кету керек, цифрлы құжаттардың заңды күші қағаз жүзіндегі аналогтармен бірдей.