Әтір, тущь: ұшақ жолаушылары қол жүгіне салуға болмайтын заттардың тізімі жасалды

Жарияланды
Фото: shutterstock

Ұшақ жолаушылары үшін әуе кемесінде қол жүгімен алып жүруге болмайтын заттардың тізімінде ерін жылтыратқыш, кірпікке арналған тущь, тіпті тіс пастасы да бар.

Нормативтік құқықтық актілердің электронды эталондық бақылау банкінде азаматтық әуе кемелерінде тасымалдау тиым салынған заттар мен нәрселердің, сонымен қатар есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығы жарияланды. Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Қол жүгімен нені алып жүруге болмайды? Зауыттық орамасы, тиісті техникалық паспорты және сертификаты жоқ құрамы белгісіз заттар мен сұйықтықтар. Сыйымдылығы 100 миллилитрден асатын ыдыстардағы сұйықтықтар, аэрозольдер мен гельдер, оның ішінде:
су және басқа сусындар, сорпалар, сироптар, джемдер, бұқтырылған
тағамдар, тұздықтар мен пасталар;
тұздықтардағы немесе сұйықтықтың көп мөлшері бар тамақ өнімдері;
кремдер, лосьондар, косметика және майлар;
әтірлер;
спрейлер;
шаш пен душқа арналған гельдерді қоса алғанда, гельдер;
қырыну көбігін, көбіктің басқа түрлерін, дезодоранттарды қоса алғанда,
қысымдағы ыдыстар;
пасталар, оның ішінде тіс пастасы да;
қатты заттары бар сұйықтық қоспалары;
кірпікке арналған тушь ;
ерін жылтыратқышы.

Қол жүгімен нені алып жүруге болады? Ұшу уақытына қажетті мөлшердегі дәрілік препараттар, балалар тағамы мен арнайы диеталық қажеттіліктер. Әуежайда бажсыз сауда дүкендерінен
немесе әуе кемесінің бортынан сатып алынған берік мөрленген (пломбаланған) пластиктік пакетке оралған сұйықтықтар.

Багажда тасымалдауға тыйым заттар: батареялармен жұмыс істейтін портативті электронды темекі шегу құрылғылары: электронды темекілер; электронды жұқа сигаралар; электронды сигаралар;
электронды түтіктер; жеке буландырғыштар; электронды никотин беру жүйелер.

Багажбен алып жүруге болатын заттар: құрамында литий немесе литий-ионды элементтер, сондай-ақ қосалқы батареялар бар портативті электрондық құрылғылар: сағат; калькулятор; камера; ұялы телефон:, ноутбук; бейнекамера және т.б.).
Бір адам екі бөлек қорғалған қосалқы батареядан артық алып жүре алмайды. Батареялар құрамындағы литий 2 грамнан, ал литий-ионды батареялардың үлес қуаты – 100 ватт-сағаттан аспауы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз