АҚШ пен Қазақстан қорғаныс ведомствалары ядролық қауіпсіздік бойынша бірлескен курс өткізді
АҚШ Қорғаныс министрлігі Қауіптерді азайту агенттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланымен бірлесіп ядролық қауіпсіздік бойынша біліктілікті арттыру курсын өткізді, деп хабарлайды Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен консулдығының баспасөз қызметі.
«Қауіптерді азайту агенттігі жүзеге асыратын Жаһандық ядролық қауіпсіздік бағдарламасы Қазақстанның Ұлттық ұланымен бірлесіп, аталған курсты 17-25 шілде аралығында Өскемен қаласындағы Дағдарысқа қарсы оқу орталығында өткізді», делінген хабарламада.
Оқу курсы бөлімшелер деңгейінде ядролық қауіпсіздік күштерінің құзыреттерін бағалау бойынша жаттығулар, оларды әзірлеуді және өткізуді қамтыған.
«Бұл ядролық қауіпсіздік саласында қосымша мамандандыруды құруға ниет білдірген Қазақстан Ұлттық ұланының маңызды қадамы болды. Курс Өскемен, Алматы және Курчатов қалаларын қосқанда, ядролық қауіпсіздікке жауапты нақты бөлімшелерді оқытудың жаңа бағытын көрсетеді. Қауіптерді азайту жөніндегі агенттік Ұлттық ұланмен Дағдарысқа қарсы оқу орталығында тұрақты ядролық қауіпсіздікті оқыту бағдарламасын, сондай-ақ нұсқаушылар құрамын құру бойынша жұмысты жалғастырады», деп хабарлайды баспасөз қызметі.