Жаңалықтар

Қарағандыдағы жаппай улану: екі бала ауруханадан шығады, алтауы реанимацияда

Фото: kursiv.media

Қарағадыда жаппай улану кезінде зардап шеккен екі бала ауруханадан шығады. Ал жансақтау бөлімінде жатқан алты баланың жағдайы қалыпты.

«Стационарлық емделуде, оның ішінде жансақтау бөлімінде жатқан балалардың жағдайы нашарлаусыз динамикасы бойынша тұрақты. 2023 жылдың 31 тамызында қабылданған нейробокс бөлімінде жатқан екі науқасты шығару жоспарлануда», делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, уланған балалардың барлығы өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында  жатыр. Осы клиникада 10-15 жас аралығындағы тағы бес бала нейробоксирленген бөлімшеге жатқызылған болатын, олардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланған.

Еске сала кетсек, 1 тамызда еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қарағанды облысында балалар жаппай уланып, бір бала қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Алты бала жансақтау бөліміне түскен. Балалардың ауыр жағдайда жатқанына байланысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысына жолға шыққан болатын.

Сол күні кеште облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев балалар жаппай уланған Қарағандыдағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директорының міндетін атқарушысы мен 12 медицина қызметкері жұмыстан шеттетілгенін хабарлады.

Қарағандыдағы әлеуметтік орталықта балалардың жаппай улануына қатысты мамандар өз тұжырымын жария етіп,  Анықталған санитариялық-гигиеналық бұзушылықтар балалардың жекелеген тобының жіті ішек инфекцияларын (ЖІИ) тудыруы мүмкін емес екенін мәлімдеді. Балалардың жаппай улануы бір өнімді тұтынумен байланысты деген тұжырым айтылған болатын.