Мемлекетке артық төленген әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарнасын қайтарып алуға болады
eGov.kz порталында қате есептелген сомаларды қайтару бойынша жаңа қызметтер іске қосылды, деп хабарлайды Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ баспасөз қызметі.
Қате есептелген қаражатты қайтару үшін жұмыс беруші eGov.kz порталында өтініш беру керек. бұл қызмет жеке кәсіпкерлер мен заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі. Соманы қайтару туралы өтінішті Порталда жұмыс берушінің өзі ақша кате есептелген қызметкерлердің атына жібереді. Міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару үшін бір өтініште тек 10 қызметкерге дейін бере алады. Егер сома одан да көп адамдарға түскен болса, онда тағы біреуін толтыру керек.
«Қате аударымдар немесе МЗЖ мен ӘА сомасын қате аудару фактілері жиі кездеседі. Бұған дейін бұл қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Орталық филиалы арқылы қағаз түрінде көрсетілген, алайда өңірлерде қазақстандықтар үшін мұндай мүмкіндік болған жоқ, ол кезде құжаттарды курьерлік қызметтер арқылы жіберіп бір айға дейін жауап күту керек болды. Осындай факторларды ескере отырып, біз ҚР Еңбек министрлігімен бірлесіп бұл қызметті онлайн форматқа ауыстырдық және ақшаны қайтару рәсімін әлдеқайда жеңілдеттік», дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Жаңа қызметтер «Азаматтарға» – «Әлеуметтік қамтамасыз ету» – «Зейнетақымен қатамасыз ету» бөлімінде қолжетімді. Ал қызметтердің нәтижесі eGov.kz порталының мәртебелік бетінде және жеке кабинетінде Хабарлама түрінде қолжетімді болады.
Қаражатты қайтару міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу (есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне және әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық төлемегені үшін артық немесе қате төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асыру қағидалары мен жағдайларына сәйкес жүзеге асырылады.