Ресейде әскери қызмет пен мобилизациядан жалтарғандар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Ресейде мобилизациядан немесе соғыс уақытында әскери қызметке шақырудан жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Moscowtimes.ru басылымы Ресейде осы мәселеге қатысты арнайы заңнама дайындалып жатқаны туралы жазады.

«Заң жобалау қызметі жөніндегі үкіметтік комиссия заңнамаға тиісті түзетулер жобасын мақұлдаған. Әскерге шақырудан жалтарғандарға қызметтен босатудың заңды негіздері болмаған жағдайда қылмыстық жаза қолдануы мүмкін», деп жазады агенттік «Ведомости» басылымына сілтеме жасап.

Бұл үшін түзетулердің авторы, Мемлекеттік Думаның Қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картаполовтың. Ол «Единая Россия» партиясының мүшесі. Картаполовтың ұсынысы бойынша билік бапты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің «Әскери және баламалы азаматтық қызметтен жалтару» туралы 328-бабының үшінші бөлімімен толықтырмақшы.

Бұл Заң жобасына үкіметтен «ешқандай қарсылық көрсетілмегені» айтылады.

Мобилизациядан жалтарғандарға қылмыстық жауапкершілік енгізу идеясын Картаполов былтыр күзде көтере бастаған. Содан кейін ол «құқық бұзушылық» үшін жаза ретінде 500 мың рубльге дейін айыппұл салуды, мәжбүрлі еңбекке тартуды немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды енгізуді ұсынды.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодексте әскери қызметтен жалтарғаны үшін ғана жауапкершілік бар. Өткен қарашада Мемлекеттік Дума Картаполовтың бастамасы өзектілігін жоғалтты деп мәлімдеді.

Ал, шілдеде парламенттің төменгі палатасы «үлкен соғыс, жалпы жұмылдыру туралы» милитаристік заңдардың тұтас пакетін қабылдады.

Атап айтқанда, Мемлекеттік Дума заң қабылдады, оған сәйкес әскери комиссариаттың тізіміндегі азаматтарға шақыру қағазы берілсе, оларға елден кетуге шектеу қойылады. Ал әскери комиссариатқа келмегендер үшін айыппұл қарастырылған. Депутаттар оның көлемін 10 есеге арттырып тастады. Оған сәйкес жалтарғанжар 30 мың рубль көлемінде айыппұл төлейді. Ал бұрынғы заңгамаға сәйкес мұндай әкімгілік бұзушылық үшін 3 мың рубль көлемінде айыппұл қарастырылатын.

Сонымен қатар, мұндай айыппұлдар заңды тұлғалар үшін де салынуы мүмкін. Атап айтқанда әскерге шақырылушыларды іздестіруде военкоматтарға көмек көрсетпегені үшін заңды тұлғаларға 500 мың рубль көлемінде, заматтардың тізімдерін әскери комиссариатқа есепке қою үшін ұсынбағаны үшін 400 мың рубль көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ, депутаттар екі оқылымда әскери жастың жоғарғы шегін 27 жастан 30 жасқа дейін көтеру туралы заңды мақұлдады. Алайда депутаттар төменгі планка көтерілген жоқ. Депутаттар жас азаматтардың қызмет етуге деген «ынтасын» ескеріп, 18 жастан бастап әскерге шақыру талаптарын сақтап қалуды жөн көрген.

Сондай-ақ оқыңыз