Шымкенттегі хайуанаттар бағы мен дендропарк табиғи қорық құрамына енді
Жарияланды
Шымкенттегі хайуанаттар бағы мен дендропарк мемлекеттік табиғи қорықтың нысандары ретінде бекітілді, деп хабарлайды КазТАГ.
«Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі: 1) Мемлекеттік зоологиялық парк; 2) Мемлекеттік дендрологиялық саябақ», – делінген Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысында.
Құжатқа 31 шілдеде қол қойылды. Құжат ресми жарияланғаннан күннен 10 күн өткен соң күшіне енеді.