Жаңалықтар

Түркияда жол апатына ұшыраған тағы бір қазақстандық қайтыс болды

Фото: Shutterstock

Түркияда жол апатына ұшыраған тағы бір қазақстандық қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір Қазақстан азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазір қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның мәйіті Қазақстанға жіберіледі», – делінген ақпаратта.

Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің мәйіті Қазақстанға жеткізілді.

Айта кетейік, 2023 жылдың 30 шілдесінде таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматын тасымалдаған шағын автобус жол апатына түсті. Автобуста болған 12 қазақстандықтың екеуіне операция жасалды.

Жол апатынан кейін жағдайды және азаматтардың денсаулығын білу үшін, қазақстандық консул дереу Аланияға барып, медициналық мекемелерде зардап шеккен отандастармен кездесті.

Бұған дейін СІМ Түркияның Алания қаласында болған жол апаты салдарынан жарақат алған бір қазақстандық қайтыс болғаны туралы хабарлаған.