Жаңалықтар

Ұлттық компаниялардың басшыларына сыйақы төлеу жайлы ереже бекітілді

Фото: kursiv.media

Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйақы беру шарттары туралы
үлгілік ереже бекітілді.

Жаңа Үлгілік ережеге сәйкес сыйақыларды төлеу тәртібі нақтыланған. Жылдық сыйақы – қол жеткізілген табыстарды материалдық көтермелеу және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс нәтижелеріне байланысты ұйымның басшы жұмыскерлеріне бір жылғы жұмыстың қорытындылары бойынша жылына бір рет төленеді. Бұл сыйақыны бірінші басшы, басшының орынбасары, атқарушы органның (басқарманың) мүшесі алады.

«Ұйымның басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру ұйымның ағымдағы қаржы жылына арналған бюджетінде еңбекақы төлеуге көзделген қаражат есебінен жүргізіледі. Ұйымның басшы қызметкерінің айлық лауазымдық жалақысының мөлшері және сыйлықақы беру шарттары Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен жасалатын еңбек шартында айқындалады», делінген құжатта.

Жылдық сыйақы тұрақты сипатта болмайды. Ол ұйымның басшы қызметкерлерінің жұмыс нәтижелеріне, сондай-ақ қол жеткізілген табыстарына байланысты жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға қызығушылығын арттыру мақсатында төленеді.

«Басшы жұмыскерлерге жылдық сыйақылар аудиттелген қаржылық есептілік негізінде ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін қаржы жылының нәтижелері бойынша төленеді», делінген құжатта.

Ұйымның басшы жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу және жылдық сыйақы төлеу тәртібі мен шарттары ұйымның Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады. Бұрын бұл қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы төлеу шарттары үкімет қаулысымен белгіленетін.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.