Жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін 1 млн доллар сұраған

Жарияланды
Фото: kursiv.media

1 миллион АҚШ доллары көлемінде пара беруге итермелеген азамат сотқа тартылды. Бұ соманы жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін сұраған. Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша К. Алтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол кәсіпкерді аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеп, Қарағанды облысындағы кен орнына жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен алдау арқылы 1 млн АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражатын жымқыруға әрекет жасады деп айыпталуда. Айыпталушы К.Алтаев сотқа берілді», делінген хабарламада.

Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Т.Тоқтабаевқа қатысты тергеуді аяқтады. Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша күдікке ілінген.

Ақпаратқа сәйкес, экс-вице-министр Қостанай облысындағы никель және кобальттың ірі қоры анықталған «Шевченковское» кен орнын барлау сылтауымен аффилирленген тұлғаларға аукционсыз, заңсыз берген деп айыпталуда.

Сондай-ақ оқыңыз