Елордада 7 млн теңгеден астам қаржыға заңсыз айналымдағы темекі өнімдерінің партиясы анықталды
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                    
                                    
                
                
                             
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері елордада рейдтік іс-шараларды өткізу барысында вейп, кальянға арналған және электрондық темекі өнімдеріне сәйкестендіру құралдарынсыз (акциздік маркалар) 5 360 темекі бұйымы анықтады.
Жалпы сомасы 7 841 500 теңгені құрады.
Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабымен сәйкестендіру тәсілімен темекі бұйымдарын таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды. Нәтижесінде, тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
