Ресей Сібір өзендерінің артық суын Қазақстанға бұрудан бас тартты – Премьер-министр
Сонау 2021 жылы Ресей «Сібір өзендердің артық ағынын Қазақстан аумағына бұру мәселесін орынсыз» деп танып, ресми бас тартқан. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов депутаттардың сауалына жауап бергенде айтқан.
«Ауыл» партиясының депутаттары Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы су тапшылығына байланысты Сібір өзендері ағынының бір бөлігін Қазақстан Республикасына және Орталық Азияға беру жобасы бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық бөлек комиссия құру туралы депутаттық сауал жолдаған. Смайылов бұл мәселе 2021 жылдың тамыз айында талқыланғанын айтып, депутаттардың бұл сауалына былай деп жауап берді:
«2021 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев пен Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі Козлов А. Астанада өткен кеңесте Сібір өзендері ағынының бір бөлігін Қазақстан мен Орталық Азияға беру жобасын іске асыру мәселесін талқылады», деген Смайылов.
Бірақ кейін Ресей тарабы өзендердің артық ағынын Қазақстанға беруден бас тартқан. Ресей мұның «су шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жағымсыз салдары көпі болатынын» алға тартқан.
Алайда «Курсив» Смайыловтың жауабынан сәйкессіздіктер тапты. Мырзағалиев пен Козлов шынымен 2021 жылы кездескен. Бірақ бұл оқиға туралы жаңалықтарда ештеңе айтылмаған. Онда тек екі елдің трансшекаралық мыс кен орнын игеру туралы келісімге қол қойғаны туралы жазылған. Ашық дереккөздерден «Курсив» жиналыста су мәселесі айтылғаны туралы мәліметтерді таппады. Сондай-ақ, қазақстандық шенеуніктердің Ресейдің «Сібір өзендерінің артық суын Қазақстанға беруді қисынсыз» деп тапқаны туралы мәлімдемелерін табу да мүмкін болмады.
Қазақстан Республикасындағы су тапшылығы мәселесі туралы депутаттардың не айтқанына тоқталар болсақ. Депутаттар:
«2030 жылға дейінгі болжамына сәйкес, көршілес елдердің аумағынан келетін өзен ағынының және ішкі ағынның ішкі ресурстарының азаюы салдарынан республикада су ресурстарының тапшылығы туындауы мүмкін. Су тапшылығы 23 км кубты құрауы мүмкін. Бұл көлем жалпы халықтың және экономиканың барлық салаларының жыл сайын тұтынатын су көлемімен тең»,- деген.
Сондықтан да депутаттар Қазақстан мемлекетаралық су қатынастарын жақсартып, өзендердің трансшекаралық өтуіне жағдай жасауы қажет екенін айтқан. Олар бұл мәселенің бір шешімі ретінде Сібір өзендері ағынының бір бөлігін Қазақстан мен Орталық Азияға беру жөніндегі кеңестік одағы тұсындағы жобаны келтірді. Оған сәйкес Азия каналы (Қара теңізі – Каспий теңізі – Парсы шығанағы) салыну тиіс болған. Бұл канал арқылы кеме қатынасын ашып, 14 миллион гектардан астам суармалы жерді пайдалануға беруді қамтитын каналдар мен су қоймалары жүйесінің құрылысы дайындалған. Бірақ КСРО ыдырағаннан кейін жоба тоқтап қалған.
Бүгінде бұл жобамен «Самұрық-Қазына» қорының құрамына кіретін Water Solutions ұйымы айналысып жатыр. Дегенмен, парламент депутаттары Қазақстанда барлық трансшекаралық өзендерде «келіссөздер процесінің тиімділігін төмен» деп бағалаған. Олар соның салдарынан «Жайық өзенінің жағдайы нашарлай бастағанын» айтады.
Осы орайда депутаттар су шаруашылығының жеке орталық мемлекеттік органын құруды ұсынған. Өйткені бүгінгі күні бұл салаға «Экология, Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп министрліктері және барлық 20 облыс әкімдігі жауапты. Алайда басқару тиімділігі төмен және нақты жауапкершілік жоқ.
Су мәселесімен айналысатын жеке ведомство құрмаса да, келіссөздерге қолдау көрсететін арнайы департамент құрылатынын айтқан Смайылов:
«Экология және табиғи ресурстар министрлігі тұтастай алғанда су ресурстарын басқаруда өзіне жүктелген функцияларды орындайды, ал жеке орган құруға әлі ерте», деп жауап берген.