Американдық Tesla шілде айында Шанхай зауытынан 64 285 электромобиль жеткізді. Бұл өткен жылдың осы айындағы көрсеткіштен 2,3 есе (128%) жоғары, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың басынан бері 540 мың машина сатылды. Бұл 2021 жылғы жеткізілім көлемінен жоғары, деп атап өтті Синьхуа агенттігі.
Шілде айының соңында Шанхай зауытынан Оңтүстік Кореяға Y моделін экспорттау басталды. Бұған дейін Оңтүстік Корея нарығына арналған Tesla электромобильдері Фримонттағы (АҚШ) кәсіпорында шығарылған.
Сонымен қатар, осы жылдың басынан бастап ҚХР-да шығарылған Model 3 және ModelY Тайландқа экспортталды.
Шанхайдағы Tesla зауыты 2022 жылдың қорытындысы бойынша 710 мың электромобиль жеткізді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 48% – ға асып түсті. Кәсіпорын 2019 жылы құрылды.