Жаңалықтар

Жамбыл облысындағы фосфор зауытында жарылыс болды

Жамбыл облысындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында (НДФЗ) жарылыс болды. Жарылыс салдарынан екі жұмысшы зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оқиға 3 тамыз күні сағат 11:30-да болған.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметінше, «НДФЗ» ЖШС фосфор зауыты қоймасының аумағында контейнерлік цистернадан сары фосфор шығарылған.

«Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» ЖШС қоймасының аумағындағы контейнерлік цистернадан сары фосфор алу кезінде 1991 және 1997 жылы туған екі жұмысшы зардап шекті», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Күйік ауруының шок кезеңі – 2-3. Фосформен термохимиялық күйік – 22 пайыз.