Жаңалықтар

Дональд Трамп құпия материалдарға қатысты  жаңа айыппен келіспейтінін мәлімдеді

АҚШ-тың Экс-президенті Дональд Трамп Флоридадағы «Мар-а-Лаго» резиденциясында құпия материалдар бойынша жаңа айыппен келіспейді. Ол кәнісін мойындаудан бас тартты, деп хабарлайды Reuters.

«Шілде айының соңында Трамп үйінде сақталған құпия құжаттар туралы ақпаратты жасыруға тырысты деп айыпталды. Сонымен қатар, оның қызметкерлері Әділет министрлігі сотқа шақыру қағазын бергеннен кейін Мар-а-Лагодағы бақылау камерасынан бейнежазбаны алып тастауға тырысты», – дейді прокурорлар.

Айыптаудың тағы бір эпизоды Трамптың 2021 жылдың шілдесіндеИранға жасалған шабуыл туралы өте құпия құжатты сақтауымен байланысты. CNN өткен маусымда сөйлесудің аудиожазбасын жариялады. Бұрынғы президенттің өзі бұған дейін мұндай құжаты бар екенін жоққа шығарған.

Яғни бұл Трампқа тағылған жалғыз іс емес.

Трампқа Капитолийге шабуыл жасау ісі бойынша айып тағылды: құқықтарды бұзу үшін сөз байласу; үкіметті алдау үшін сөз байласу; ресми тергеуге кедергі жасау.

Трамптың штабы саясаткерге қатысты айыптауларды ол қатысатын 2024 жылғы президенттік сайлауға араласу әрекеті деп атады.