Бурабай кентінде «Алматы» қонақ үйінен өрт шығып, 106 адам эвакуацияланды
Жарияланды
Бурабайдағы «Алматы» қонақ үйінен өрт шықты. Оқиға кезінде 106 адам эвакуацияланды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
«6 тамызда сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің келуімен 3 қабатты «Алматы» қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт анықталды.Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ», -делінген ТЖМ баспасөз қызметінде.
Тақырыпқа орай