Бурабайдағы «Алматы» қонақ үйінен өрт шықты. Оқиға кезінде 106 адам эвакуацияланды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
«6 тамызда сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің келуімен 3 қабатты «Алматы» қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт анықталды.Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ», -делінген ТЖМ баспасөз қызметінде.