Жаңалықтар

“Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В” компаниясы 100 мың тонна мұнайды Самара ПСН бағытымен тасымалдамақ

2023 жылдың тамыз айында «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» АОЗТ компаниясының ресурстарын «Адамова застава» (Германия) бағытына одан әрі жеткізу үшін Самара ПСН бағыты бойынша  мұнайдың 100 мың тонна көлемін тасымалдау көзделген. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.

2023 жылғы 31 шілдеде  Қазақстан мен Ресей шекарасында қабылдауға және жеткізуге арналған маршруттық бағыт бекітілді.

2023 жылғы 3-5 тамыз аралығында Б. Шаған ЖЗҚ-да шығарылған маршруттық бағыт негізінде тәуліктік кестеге сәйкес 11,6 мың тонна мұнай қабылданды. Ал мұнайдың қалған көлемі 6-29 тамыз аралығында қабылданады.

Самара ПСН бағытына тасымалдауды ағымдағы жылдың 25-29 тамыз аралығында жүзеге асыру жоспарлануда.

«Адамова застава» ПСН бағытына жеткізу  2023 жылдың тамыз айының соңғы күндерінде, яғни 28-30 тамыз аралығына жоспарланып отыр.