Энергетика министрлігі жанар-жағармай өндірісі бойынша жағдай тұрақты, бірақ жанар-жағармай құю станцияларына шектеулер болуы мүмкін деп мәлімдеді.
Мұнай өңдеу зауыттарынан шыққан жанар-жағармай, теміржол вагондарына беру үшін өтінім беру мен төлемдерге байланысты, өңірлерге теміржол вагондарымен тиеп-жөнелтіледі. Мұнда жанар-жағармай жергілікті мұнай базаларына, ал сол жерден жанар – жағармай құю станцияларына жеткізіледі.
«Иә, қолайлы жылы кезеңде және жазғы демалыс маусымында жүк тасымалының (құрылыс материалдары, азық-түлік, жанар-жағармай материалдары және т.б.) және жолаушылар тасымалының артуына байланысты теміржол және автомобиль жолдары логистикасында қиындықтар туындауы мүмкін»- делінген ведомствоның хабарламасында.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы жанар-жағармай материалдарын тұтынудың ұлғаюымен бірге жанар-жағармай құю станцияларында автоцистернадан жанар-жағармай тасымалдайтын көліктермен жеткізілгенге дейін уақытша шектеулерге әкелуі мүмкін.