«Astana Hub» пен «Инновациялық технологиялар паркі» қосылып, қайта құрылады

Жарияланды
Фото: Ашық дереккөздерден

«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркімен» қосылып, қайта құрылады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тиісті қаулысы «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр.

«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры оған «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» корпоративтік қорын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын», делінген құжатта.

Екі технопарк «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағына, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45-бабының 1-тармағына сәйкес қосылып, қайта құрылмақ.

Осы қаулыға қатысты туындайтын іс-шаралар мен мәселелерді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен шешуі тиі.

Қаулы 18 тамызға дейін талқылауда болып, қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз