Freedom Holding Corp халықаралық холдингі Түркияның брокерлік нарығына шығуға ниетті және ол үшін жеке компания құрады. Бұл ақпарат 31 наурызда аяқталған 2023 фискалдық жыл туралы есепте көрсетілген.
«Түркияда біз әлі лицензия алған жоқпыз және заң жөнінде реттеу қадамдарымен айналысып жатырмыз. Біз жұмысты бір жыл ішінде бастауға ниеттіміз.», — делінген есепте.
Түркиядағы еншілес құрылым 2023 жылы, яғни өткен жылдың сәуірінен бастап ағымдағы жылдың наурызына дейін құрылғаны атап өтілді. Наурыз айының соңындағы жағдай бойынша Freedom Holding Corp түрік кеңсесінде бір қызметкер (Қазақстанда 3217 және АҚШ-та 32 адам) болды. Қазіргі уақытта Freedom Holding 15 елде бар.
Осы күнтізбелік жылдың басында Freedom Holding Corp. жергілікті активтерді тең құрылтайшылардың бірі Максим Повалишинге 140 миллион долларға сату туралы келісім аяқталғаннан кейін Ресейден кететінің жариялады.
Өткен фискалдық жылы Freedom Holding Corp. кірісті 15% – ға, $795,7 млн-ға дейін арттырды.
Холдингтің пайыздық кірісі несиелік және сауда портфельдерін кеңейту, сондай-ақ клиенттердің маржалық несиелерді белсенді пайдалануы есебінен 142% – ға өсті.
Freedom Holding өзінің Freedom еншілес компаниялары арқылы қаржылық, бөлшек брокерлік, инвестициялық кеңес беру, бағалы қағаздармен сауда жасау, инвестициялық банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асырады. Ұйым KASE, AIX, UZSE, UX кәсіби қатысушысы болып табылады. Холдингтің компаниялары Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Әзірбайжанда, Арменияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Кипрде және басқа елдерде қызмет көрсетеді.