Қамқоршылар мен қорғаншылар балаларға онлайн режимде банк картасын аша алады

Жарияланды

Қазақстанда балаларға банк карталарын қамқоршылары мен қорғаншылары да онлайн аша алады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің цифрландыру және автоматтандыру департаменті хабарлады.

«Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ-мен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесе отырып, қорғаншылар мен қамқоршылардың келісімімен олардың қамқоршылығындағы 18 жасқа толмаған балалар туралы мәліметтерді беру бойынша екінші деңгейлі банктермен интеграциялық қызметті жүзеге асырды. Интеграция қорғаншылар мен қамқоршыларға банктік қызметтерді алу үшін қағаз жүзіндегі анықтамаларсыз, өздерінің мәртебесін онлайн растауға мүмкіндік береді», – деп атап көрсетті Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Айта кету керек, бұған дейін елімізде балаға банк картасын тек ата-анасы ғана аша алатын. Енді бұл қызмет қорғаншылар мен қамқоршылар да пайдалана алады. Оқу-ағарту министрлігінде мемлекеттік қызметтерді электронды және проактивті форматқа көшіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыз