Қырғызстанда қара металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым салынды
Жарияланды
Министрлер кабинеті 7 тамыздан бастап бағалы металдарды, сынықтарды және қара металл қалдықтарын экспорттауға шектеулер енгізді. Бұл туралы министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары елдерге қара металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға уақытша тыйым салынады.
Бағалы металдар мен олардың құрамындағы шикізатты әкетуге 500 килограмнан аспайтын көлемде сандық шектеулер енгізілгені нақтыланады.
Тыйым салуды жарты жылға енгізу ұсынылды.