Жаңалықтар

Серік Жұманғарин сауда-экономикалық байланысты нығайту үшін Қытайға барады

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қытайға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Биыл 13-17 тамызда тауар айналымын ұлғайту және Қытай тарапымен сауда-экономикалық байланысты жолға қою үшін премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің Қытай Халық Республикасының – Шэньчжэнь, Шаньдун, Бейжің және Үрімші қалаларына жұмыс сапары жоспарланып отыр», – деді министрліктің ресми өкілі.

Айтуынша, сапар аясында бірлескен кәсіпорындар құру, ет өнімдерінің экспортын ұлғайту, инвестициялар тарту және көлік-логистикалық ынтымақтастық саласында екіжақты келіссөздер жүргізу жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстандық делегация Үрімші қаласында өтетін «Қытай-Еуразия» ЭКСПО халықаралық көрмесіне де барады.