Жаңалықтар

Түрік порттарының бірінде астық тиеу кезінде кемеде жарылыс болды

Кожаелидегі түрік портында астық тиеп жатқан кемеде жарылыс болды. Бұл туралы Zakon.kz. хабарлады.

Оқиға орнына көптеген полицейлер, өрт сөндіру көлігі мен құтқару бригадалары жіберілді, деп хабарлайды Hürriyet агенттігі.

CNN Türk тікелей эфирінде астық қоймаларының бірінде жарылыс болғаны хабарланды. Жарылыс жүкті кемеге тиеу кезінде болған болуы мүмкін.

Коджаели губернаторы Седдар Явуздың айтуынша, жарылыс салдарынан 10 адам зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, қирандылар астында адамдар қалған жоқ.

https://kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2023/08/rbwviwiozu-1.mp4