ҚР Энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесіп 2023-2025 жылдарға арналған энергия тиімділігі мен газды ұқыпты тұтыну жоспарын әзірледі.
Жапы газды үнемдеп пайдалану мәселесін 2023 жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасы Парламентінің сегізінші шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтеріп, тапсырма берген болатын.
Жоспарға сәйкес, 2024 жылдың қаңтарына дейін талдамалық биллингтік жүйе әзірленеді. Ал 2025 қаңтарынан бастап, оған қосымша аналитикалық жүйе іске қосылып, халықтың газды қаншалықты тұтынғанын толыққанды жасанды интеллект анықтайтын болады.
2023-2025 жылдарға арналған энергия тиімділігі және жұмсақ газ тұтыну жоспары негізгі блоктардан тұрады:
- – ГТҰ шығындарын оңтайландыру;
- – газды есепке алудың бірыңғай жүйесін құру (цифрландыру);
- – ОЭК тиімділігін арттыру;
- – климаттық жағдайларды ескере отырып, әр аймақ үшін халық үшін тауарлық газды тұтыну нормаларын белгілеу.
Атап айтқанда, ысыраптарды, оның ішінде өзіндік қажеттіліктерді жылына кемінде 2 млн м3 қысқарту есебінен төмендету жоспарланып отыр. Соныме бірге газ тасымалдау жүйесінің барлық тізбегінде бірыңғай есепке алу жүйесі енгізіледі, жасанді интеллект іске қосылады.
Газды ұтымды пайдаланда тиімсіз орі ескі нысандар пайдаланудан шығарылады. Яғни реконструкциялау, жаңғырту, реновациялау, жаңаларын салу секілді шараларды жүзеге асыра отырып, газ станцияларының пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) көтеру жөніндегі жол карталарын әзірленеді.
Сонымен бірге тұрмыстық тұтыну үшін әр облысқа жеке климаттық жағдайлар мен жылыту маусымының ұзақтығын ескере отырып, тауарлық газды тұтынудың нормалары белгіленетін болады. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, газ тасымалдау жүйесін, оның ішінде магистральдық және тарату газ құбырларының объектілерін цифрландыру көзделген.
«Аталған іс-шаралар газ балансының жалпы мәселесінде қолайлы әсер етеді, атап айтқанда, халық тарапынан да, өнеркәсіптік тұтынушылар мен ОЭК тарапынан да газ тұтыну тәртібін күшейтеді», делінген құжатта.
Аталмыш құжат «Ашық НҚА» порталында 21 тамызға дейін талқылауда болады.