Алматы облысы әкімдігіне Үкімет резервінен 432 млн теңге бөлінеді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерді қызметтік орналастыру үшін коммуналдық меншікке тұрғын үйді сатып алуға Алматы облысының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 432 432 000 теңге сомасында қаражат бөлінеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Құжатқа сәйкес, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Алматы облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды қабылдайды. Ал Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар Алматы облысы әкімдігі 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне бөлінген қаражатты нысаналы пайдалану жөніндегі есепті ұсынады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2023 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қаржы министрлігіне бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы жөнінде есеп береді.
Қаулы жобасы 22 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.