АҚШ-тың шығысында болған қатты дауылдан кейін 1,1 миллионнан астам тұрғын үй мен кәсіпорын электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды американдық БАҚ.
Желдің қатты екпіні мен бұршақ салдарынан көшелерде ағаштар құлап, электр желілері, үйлер зақымдалды.
FlightAware порталының ақпаратына сәйкес, АҚШ-тағы дауылдың салдарынан 2,6 мыңнан астам рейс тоқтатылды.
Сейсенбіде Невада, Канзас, Миссисипи, Алабама және Джорджияда ауа-райының қолайсыздығынан қауіптің жоғарылауы жарияланды.