Астанада №10 мектептің аумағында 10 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлап, оқушы алған жарақатынан қаза тапты. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осы жағдайдан кейін еліміздегі мектептердегі спорт алаңдары тексерілетінін мәлімдеді.
«Қазір бұл жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр. Білім басқармасы кешеден бері мектептегі барлық спорт алаңдарын тексеріп жатыр. Астанада ғана емес, еліміздегі барлық спорт алаңы мен инвентарь тексеріледі», – деді министр Үкімет отырысы басталмастан бұрын.
7 тамызда қаланың білім басқармасы осы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталып жатқанын хабарлады.