Жаңалықтар

«Дружба» мұнай құбырындағы апатқа қарамастан Германияға мұнай келісілген көлемде жекізіліп жатыр – Энергетика министрі

Что будет представлять из себя газопровод из России через Казахстан в Китай
Фото: kursiv.media

Қазақстан мұнайы «Дружба» мұнай магистраліндегі апатқа қарамастан Германияға уақтылы жеткізіліп жатыр. Бұл жайлы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді.

6 тамызда «Дружба» мұнай құбырының Польшадағы учаскесінде қысымның төмендеуіне байланысты құбырдың бір тармағының жұмысы тоқтап қалған болатын. Кейінірек мұнай құбырының басқа тармақтары штатты режимде жұмыс істеп тұрғаны хабарланды.

«Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасы мен Еуропалық Одаққа жеткізіліміне келетін болсақ, бұл жеткізілімдер Қазақстан мұнайының транзитіне қатысты бұрын жасалған келісімдерге сәйкес жүзеге асырылуда», деп жауап берген Сәтқалиев журналистердің «Дружба» мұнай құбырына қатысты сұрағына.

Еске сала кетсек, 6 тамыз күні таңертең Германияға мұнай жеткізетін «Дружба» мұнай құбырының бір тармағында апат болғаны туралы хабарланды. Мұнайдың ағып кетуіне байланысты мұнай құбырының бір тармағы мұнай тасымалдаудан ажыратылды. Ал 7 тамыз күні кешке Польша құбыр операторы PERN «Дружба» мұнай құбырының зақымдалған учаскесін жөндейтінін хабарлады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Rosneft Deutschland Шведт қаласындағы PCK Raffinerie мұнай өңдеу зауытына шикі мұнай жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Ол құжатқа сәйкес Қарашығанақ кен орнынан айына 100 мың тонна көлемінде мұнай тасымалданады. Биыл Германияға жөнелтілетін мұнай көлемі – кемінде 890 мың тонна көлемінде бекітілген.

2022 жылы Германия үкіметі Қазақстанға PCK Raffinerie (Шведт қ.) мұнай өңдеу зауытына «Дружба» мұнай құбыры арқылы Қазақстан мұнайын жеткізу туралы өтініш білдірген. Биылғы ақпан-мамыр айларында Германияға «Дружба» құбыры арқылы 190 мың тонна мұнай жеткізілді. Маусым айының жоспары — 100 мың тонна тасымалдау.

2023 жылы «Дружба» құбыры арқылы көлемі 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын Германияға жеткізу мәселесі Ресей тарапымен бұған дейін келісілген.