Жаңа оқу жылының қарсаңында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросы кеңсе тауарларының бағасы бір жылда қалай өзгергені туралы ақпаратты жариялады.
Өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда биылғы шілдеде дәптер, қалам, түрлі-түсті қарындаш секілді мектеп оқушысы үшін маңызды тауарлардың бағасы едәуір өскен. Жалпы кеңае тауарларының бағасына 64,4% қосылған.
«Атап айтқанда, мектеп дәптері – 77,2%, қалам – 38,6%, түсті қарындаштар – 41,9%, сурет альбомы – 44,1% өсті», делінген хабарламада.