Кінәсін мойындаған БҚО әкімі бірінші орынбасарының ісі сотқа жолданды – Антикор

Жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаевқа қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Күдікті «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ өтеулі қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау берген деп айыпталып отыр.

«Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілді. Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады. Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды», делінген хабарламада.

Күдіктіңнің ісіне қатысты өзге ақпараттар жариялануға жатпайды.

Айта кету керек, шілде айының 24-і күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысы ұсталғаны туралы БАҚ таралған ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Сондай-ақ, 3-тамыз күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаевтың қызметінен босатылғаны ресми түрде хабарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз