“Polymetal” Қазақстанға толығымен көшті 

Жарияланды

Ең ірі күміс өндіруші және Ресейдегі жетекші алтын өндіруші компаниялардың бірі Polymetal International plc  компаниясы Джерси оффшорлық аралынан Астана халықаралық қаржы орталығына көшу жұмыстарын толық аяқтады, деп хабарлайды Интерфакс.

Жоба бойынша редомициляция 7 тамызда аяқталған. Компанияның мәліметінше, енді «Polymetal» өз акцияларына АХҚО биржасына шығару үшін баға белгілейді.

«AIX»- тегі сауда жаңарту жайында кейін арнайы хабарланады, ол тізілімді көшірудің техникалық рәсімі аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады», делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Редомициляция кезінде Мәскеу биржасы «Polymetal» акцияларының саудасын тоқтатқан болатын. Енді ондағы сауда қайта жалғасуы мүмкін.

Жалпы, Лондон биржасында «Polymetal» акцияларының саудасы тамыз басында тоқтаған болатын. Редомициляция нәтижелері бойынша компания акциялары Crest, шеңберіндегі электрондық есептеулермен үйлесімді болмаған. Бұл LSE листингінің талаптарына сәйкес келмей қалады. Лондон биржасының Делистингі 29 тамызда болады деп күтілуде.

«Polymetal»- Ресейдегі ең ірі күміс өңдірішусі және де алтын өңдірілішілердің бірі. Холдинг кәсіпорындары Магадан және Свердловск облысында , Хабаровск, Саха, Чукотка және де Қазақстанда орналасқан.  Ең ірі акционер Александр Несис және оның серіктестері.

Осыған дейін Polymetal Джерси штатынан Астана халықаралық қаржы орталығына редомициляция процессін 7 тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отырғаны туралы жазғанбыз.

Жалпы компания  Қазақстанға шілденің ортасына қарай толық көшіп болуы керек болған. Алайда компания редомициляцияға қажетті шарттарды орындап жатыр, алайда қайта құруға байланысты процестердің кешігуі нәтижесінде жоспарланған кестеге үлгере алмай жатқанын хабарлап, көшуді 31 шілдеден кейінгі мерзімге жылжытқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз