АҚШ Ресейдің астық мәмілесі бойынша мәселелерін шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, деп хабарлады Мемлекеттік департамент басшысы Энтони Блинкен.
«Банктер, тасымалдау және т.б. секілді әлеуетті проблемаларға қатысты нақты нұсқауларға келсек, бұл мәселелердің шешілгеніне көз жеткізу үшін бәрін жасадық», — деді Блинкен RFI француз радиосында берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Вашингтон «абсолютті» түрде ресейлік астықтың экспортын қолдайтыны туралы америкалық банктерге өз қолымен хат жазып жіберген.
Сонымен қатар, ол Мәскеуді алаңдатқан ООН-ның Ресей үшін әзірлеп отырған ұсыныстарын айтып бергенін, алайда Кремль бұл мәлімдемеге мән бермегенін атап өтті. Сондықтан, мәмілені ұзарту – «жеңілдік жасау емес» деді.
Сонымен қатар Мемлекеттік департамент басшысы Мәскеудін астық жеткізуде туындаған проблемалар туралы мәлімдемесімен келіспейтінін жеткізді. Өйткені, Блинкеннің сөзінше ол соғыс басталғанға дейінгі көрсеткіштен «біршама артық». Ресей Федерациясы aуыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері мұны растайды: өткен ауыл шаруашылығы жылында (2022 ж.шілде — 2023 ж. маусым) Ресей бидайды қосқанда 60 миллион тонна астық экспорттады, бұл рекордты көрсеткіш, бір жыл бұрын ол 38,1 миллион тонна болған.
Блинкин сонымен қатар РФ Президентінің жағдайы нашар африкалық елдерге 25-50 мын тонн астықты жіберу ұсынысын “теңіздегі тамшы “деді. Мемлекеттік департамент басшысы астық мәмілесі аясында «20 млн тонна экспортталғанын»еске салды.
ООН мәліметтері бойынша Украинамен жасалған келісімшарт аясында Ресейден 32,9 млн тонна ауыл шаруашылық өнімдері экспортталған. Оның 65%-ы Қытай , Испания, Италия , Түркия , Нидерландыға жөнелтілді. Ресей СІМ кедей елдерге 3% -ға жетпейтін өнім жеткізілгенін хабарлады.
Астық келісімшарты 2022 жылғы шілде айында Ресей, ООН, Украина, Түркия елдері арасында жасалған еді. Мәміле екі бөлімнен тұрады: Мәскеу украин астығын Одесса, Черноморская және Оңтүстік порттарынан қауіпсіз шығаруға келісім берді, ал ауылшаруашылық өнімдері мен тыңайтқыштарының әлемдік нарықтарға шығару үшін Ресейге қойылған шектеулер алынып тасталды. Мәскеу мәміленің екінші бөлігі орындалмағанын бірнеше рет мәлімдеді және 17 шілдеде мәміледен шығатынын жариялады.
Путин Түркия президенті Режеп Ердоғанмен келіссөздер барысында Ыстамбұл келісімдеріне оралу үшін өзі қоятын талаптарды айтты. РФ Президенті ресейлік астық пен тыңайтқыштарды әлемдік нарықтарға жеткізуден, сондай—ақ ресейлік кемелер мен экспорттық жеткізілімдерді сақтандыру мәселесін шешуден басқа, Россельхозбанкті SWIFT жүйесіне қосып, Тольятти-Одесса аммиак құбырының жұмысын жалғастыруды талап етті.